Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына пікір » КГУ «Средигорненская средняя школа»
Коммунальное государственное учреждение
"Средигорненская средняя школа"
отдела образования по району Алтай
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72337) 2-23-92
Бухгалтерия:
7 (72337) 2-23-92
Версия
для слабовидящих
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына пікір
05
январь
2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына пікір

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылғандай Еліміздің тірегіне айналған бұл азаттық әр қазақтың жүрегіне мөр болып басылып, өшпестей із қалдырған. Ата-бабымыздың асыл қазынасын біз бір сәтте естен шығармауымыз керек! 

       Тәуелсіздік- еліміздің баға жетпес байлығы, ел еркіндігі. Міне, биыл тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанымызға 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстан  әлемде жеке дара ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз елге айналды. Тұғырлы тілің мен тірегі мол тәуелсіздігің болмаса, сенің ел болып қалыптасуыңнан не пайда? Сондықтан әр қазақ осы Тәуелсіздіктің ата-бабамыздың төккен тері мен келген қасиетті биік шыңы екенін ұмытпаса жөн еді?

      Ел тарихындағы бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, бәрімізге айрықша рух беріп, отыз жылдық елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналса нұр үстіне нұр болатынына кәміл сенемін.  

 

 

«Средигорное орта мектебі»КММ

 қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі 

Мерекенева М.А.